Кетіп қалуға асықпайықшы..
Кетіп қалуға асықпайықшы..
***Ойыңдағыны дөп жеткізе алсаң ғана, айтар ойыңның бар болғаны. Қалғаны құр далбаса.
 
***Бақыттың бақ екенін білмей ұғып,
Бақытсызбын дегенің - ақымақтық...
 
***Қателікті   жасаудан   қорықпа,  
Қателесіп   қалудан   қорық.
 
***Махаббатты   жоққа   санайтындар..   Сезімнен   қорқатындар.   Ал,   сезім  -  сенімнен   бастау   алады.
 
***Көңілді     қалдыру   оңай, 
Қалыпқа   келтіру   қиын.
 
***Менің түсінгенімді  - сенің   түсінбеуің... Сенің түсіңгеніңді  -  менің   түсінбеуім, ол  -  заңдылық.   Өмірдің   басты  ережесі - осында. 
 
***Бақытты   болу   -   әр   адамның   қолынан   келеді.   Тек   мүмкіндігіңді  жіберіп   алма. 
 
***Өзіңді     алға    сүйреудің  амалын     таппасаң    да,     артқа    шегінбеуге ұмтыл. 
 
***Өзіңе    деген      құрметіңді      жоғалтпауға    тырыс. 
Қайтарымы     тым     қымбат... 
 
***Кетіп қалуға асықпайықшы...
Артымызға ауыр өкініштер мен өкпе артқан сөздерді тастамауға тырысайықшы!... Өмір өткінші...

***Бармақтай бақтың бұйырғанын қаласаң,

Бақытыңды әр сәттен бағала...

***Жүріп өткен жолыңда кездескен келеңсіздіктер сенің адамдық тұғырыңның табалдырығына табан тіреуің...

***Қалауыңа қол жетпеген кезде, күш-қайратың қайтып қалмасың.
Қайратты жандар ғана күрескер келеді...
 
***Кей адамдарға ащы шындықты беттеріңе айтып салғым келеді. Батылымның жоқтығынан емес, Көңілі қымбат...
 
***Жаңыңа      жақын     жандардың    жүрегіңе     қаяу    салма.    Кешіруі оңай.    Жазылуы қиын...
 
***Айналаңа    бұрылып      қарашы.    Кімдерді көрдің?..   Таңдауыңа да...талғауыңа да...қалауыңа     да   талғаммен    қара.
 
***Сеніміңді     ақтасың      десең,   сенім      арт.
 
***Қадірін     білмеген   адам  -
Қадірлеуді    қарқ   қылмас.
 
***Ұлы өмірге аттанар да әрқашан табандылық керек!..
 
***Адамдардың   ең   абзалы  - айналасыңа   зиянын   тигізбейтіндері. Сөзімен де... өзімен де... ісімен де...
 
***Есіңізде   болсын!   Ешқашан   ешкімнің   алдыңда   ақталмаңыз.   Өмір  – ол   сенің   ғана   меншігің.
 
***Кеше...
Сен сүріңдің, құладың, жыладың, тауың шағылып, тағдырыңнан тартқан теперіш жолдарыңа, төзіміңді тауыса, жеңілгеніңді мойындадың...
Бүгін...
Артыңда өткен тарам-тарам жолдардың ізі сені шыңдай түсті. Саған алапат күш-қайрат берді. Сеніміңді қайтарды. Қане, қадамыңды бас алға!
Ертең...
Сенде үміт бар. Төбеңді торлаған қара бұлт сейіледі. Сенде енді мақсат бар. Сенімің мен үмітіңді жетелей түс.
 
Р.С: Жаңбырдан соң кемпірқосақтың шыққаның көрдің бе?
Есіңе сақта: Батар күннің қайтадан шығатынын ұмытпа!..
күнделіктен, оқшау ойлар
Айнұр ЖәлиеваАйнұр Жәлиева
9 жыл бұрын 4833
2 пікір
Блог туралы