Сырт көз сыншы деген..
Сырт көз сыншы деген..
Менің қайырымдылық жасағаннан кейін өзімді жақсы сезінемін.
Жаман әрекетке бой алдырып алғанда қатты қапа боламын.
Менің дінім осы.
(Авраам Линкольн)
 
Өмірімде намаз оқитын, жыл сайын оразасын жібермейтін, әр кезде Аллаға деген шынайы жасаған, жасап жүрген құлшылығын көргенде, жүректеріңе иманның ұялағанын көріп, іштей риза болып қалам. Тәуба, қазіргі қоғамға ең керегі де осы ғой, - деп топшылаймын. Иманды, әрі мейірімді жандар көбейсе, дүниеде жауыздық азаяр еді ғой... Бір мұсылманның бір мұсылманға жасаған риясыз көңілдің өзі - үлкен сауап болар еді. Бұл бірінші топтың адамдары... 
Ал, екіншісіне; Бұлар да намаз оқиды, ораза ұстайды, әр сөзіңде Алланы сөзге тиек етіп жатады. Бірақ... 
Мен намаз оқимын, ал сенше? Сенің Алланың алдында дәрежең қандай болсада, менің алдымда сен ең төмен адамдардың бірі ғанасың деп, - ойлайтын жандарды көргенде жүрегім езіліп кетті-ау...
Сондағы ойы, мен намаз оқымасам да, Алланың алдындағы емес, сол адамдардың алдыңда күнәһар болған екен-мыс. Қандай өкінішті...
Мен білетін бір ғана дін бар! Сен қай жолмен, қандай жолмен жүріп келе жатсаңда, мейлі жақсы бол, мейлі жаман бол, Алланың жаратқан пендесісің. Демек, сенің дәрежеңді тек Алла ғана көтере алады. Алланың өзі де: «Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді..» («Ағраф» сүресі, 55-аят) немесе, "Кез-келген құлшылық деп жасалған амал Алланың алдында қабыл болуы үшін ол біріншіден, тек Аллаға ғана және одан өзге ешкімге де, ешнәрсеге де арналмауы керек. Ендеше әрбір жасаған амал-құлшылықтарымызды барынша адал жасауға ұмтылайықшы. Әйтпесе, Жасаған құлшылығыңды жарияға жар салу - шайтанның мәртебісін биіктеткенмен бірдей.
Мұсылман болу әсте - әсте...
 

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа, мақтаулар мен мадақтар болсын!

Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, сахабаларына және Қияметке дейін оған ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

 
 

 

құлшылық, иман, дін жайында
Айнұр ЖәлиеваАйнұр Жәлиева
8 жыл бұрын 4895
0 пікір
Блог туралы