Көңілдің сан түрлі ойлары...
Көңілдің сан түрлі ойлары...

***Өмір маған - тым сабыр мен темірдей төзім бергені үшін,  Мен оған қарыздармын...

***Мен өмірді қатігез деп ойлап жүрсем, Мейірімді анамдай мәпелейді.

***Бүгінгі күн бар үмітті үзсе - дағы, Келер күннен қайтадан үміттенем...

***Өтірікті адам алдымен өзіңе, соңан кейін өзгеге айтудан үйренеді.

***Адамдарды бөліп тұратын бір ғана себеп бар. Ол-өз ойлары.

***Өмір мені сан рет сүріндіруі мүмкін, Алайда үмітімді үзе алмайды...

***Адамдар қызық қой... Сен айтқан сөзге мән бермесе де, сен туралы не дейтіндерге үлкен мән береді.

*** Өмірді   сүру   үшін  –  өмірді   сүю   керек.   Ал,  өмірді   сүю  үшін,   Өзіңді сүю керек!

***  Қорқынышың    басым   болса   –  іштегі    үмітіңді    үзіп    жіберетіні    анық.

***  Кей    адамдарды   санақтан   өшіре   алсаң   да   –  санаңнан  өшіре    алмассың.

***  Жылауық   көңіл  –  ау...   Жылай    бермесенші    олай.  Өмір   сенің  –  бәсекелесің.   Ол  –  сенің    ең    әлсіз   тұсыңды   білмеуі   керек!..

***  Сен  –  Азаматсың!     Бала    кезімде     атам     осылай    деп   жігерлендіретін.   Менің  рухымды     өлтіргісі     келмеген   ғой.   Азамат   деп   ер   балаға    айтпай    ма?..  деп   өкпелеп     бұртиып     қалатын    едім.    Қайран,   балалық  –  ай...

***  «Сен   жеңесің!»   Ішкі    үнім    осылай    деп    үн    қатты.    Тек    берілмеші...    Жеңістің     туыңа     сәл  -   ақ    аз   қалды    ғой...    Сенің    рухың   мықты     емес    пе?!

***  ...Саған  сенемін!    Өмірімдегі    кездейсоқ    жандардан    жиі    естіп    жатқаным   осы   сөз.   Сенім  –  деген    жауапкершілігі    ауыр    үміт    қой.    Сол    үмітті    үзіп    алмасам    екен...   Сенімді    ақтау    үшін!

***  Өз  -  өзіңе    деген    сенімінді    күшейт.    Сонда    ғана    барлық    кедергені    жеңе   аласың.

***  Сенімге    оңай    кірген    адамның,    шығуы    да    оңай    екен...

***  Адамның     ең    басты    қателігі   –   өзінен    бұрын    өзгені    түзеймін    деген   ниеті.

***  Өзгені    түзегің    келе    ме?!   Ендеше,    өзің    түзел!

***  Шыдам.  Сенім.  Сабыр.    Үшеуін     біріктірсең      алмайтын     қамал      жоқ.

күнделіктен, Жәлиева Айнұр
Айнұр ЖәлиеваАйнұр Жәлиева
9 жыл бұрын 13986
4 пікір
Блог туралы